Еріген заттың массалық үлесі » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » Еріген заттың массалық үлесі
04
март
2019

Еріген заттың массалық үлесі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С Ерітінді мен ерігіштікМектеп: Т.Аманов атындағы № 16 ЖОББМ

Күні: 04/03/19Мұғалімнің аты-жөні:  Китапбаева Н.А

Сынып: 8 «Б»Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:  Еріген заттың массалық үлесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.4.5 – еріген заттың берілген массалық үдесі бойынша белгілі ерітінді массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу

Сабақ мақсаттары
  • Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтауды түсініп, оны күнделікті өмірде қолдана алады 
  • Әр түрлі тапсырмаларды ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей алады

Бағалау критерийлеріØ Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеуді түсінеді;
Ø Әр түрлі тапсырмаларды ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей алады;

Тілдік мақсаттарОқушылар:
Анықтаманы талқылап, есептеулер жүргізеді 
Пәнге тән лексика мен терминология:
Су, сусыз, таза, алу, жинау, тексеру, есептеу, буландыру, 
Еріген зат, массалық көлем, омега, пайыздық құрам, ерітінді 
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 
Затты ерітеді, бұл ... 
Еритін зат бұл ...
Ерітінді құрамына  … және … кіреді

Құндылықтарды дарытуТопта жұмыс жасау арқылы сыйластық, серіктестік, жауапкершілік сияқты құндылықтар дамиды 

Бастапқы білім7.1В. зат күйінің өзгерісі
 7.2В. Қарапайым химиялық реакциялар 
 7.3C. ерітінді және ерігіштік
 7.3А. Химиялық элемент пен қосылыстар

Планы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 
Ресурстар

Басы
0-3минут
    4-8мин
9-25 мин
26-34
35-40 минут
Жағымды орта қалыптастыру
Алдыңғы білімді тексеру мақсатында оқушылармен «Тобыңды тап» ойыны өткізіледі. 
Ой шақыру сатысы . 
Школьникам бейнеүзінді қарау ұсынылады. 
Баспа ауруы кезінде тамақты шаю үшін ерітіндіні қалай дайындайды? Су мен тұзды қандай қатынаста алу керек? 
Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім ОМ мен сабақ мақсаттарын болжайды. 
Бүгін біз еріген заттың массалық үлесі турал танысамыз. 
Сөздік
Еріткіш – растворитель –solvent 
Еріген зат – растворенного вещества – solute 
Ерітінді – раствор – solution 
Ерітінді деп екі не одан да көп (компонент) құрамдас бөліктен тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.Ол еріткіштен (артық мөлшерде алынған компонент) және еріген заттан тұрады. Осы құрамдас бөліктерінің агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділерді үшке бөледі: сұйық (газды су), газ (ауа) және қатты ерітінділер (құйма).
Химия үшін маңыздысы сұйық күйдегі ерітінділер, бұларда көбінде еріткіш ретінде су алынады. Олардың адам тіршілігенде және өндіріс орындарының жұмыс істеуінде маңызы зор.
Ой шақыру сатысы
Оқытушы: Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе концентрация. Ол еріткіштегі еріген заттың салыстырмалы құрамын көрсетеді.
Еріген заттың массалық үлесі - ерітінді массасына еріген зат массасының қатынасы. Массалық үлесі % өлшенеді :
W = [m (еріген зат)/m(ерітінді)] x100%, мұндағы
W – еріген заттың массалық үлесі
m (еріген зат) – еріген зат массасы (г, кг)
m (ерітінді) – ерітінді массасы (г, кг)
Ерітінді массасын төмендегі формуламен есептейді:
m(ерітінді)=Vp
m(ерітінді)=m(еріген зат) +m(су)
V – ерітінді көлемі (мл, л, м3)
p – ерітінді тығыздығы(г/мл, г/л, кг/м)
Түсіну сатысы
 
Жеке жұмыс, жұбымен тексеру
200 г шай мен ғ0 г қанттың массалық үлесін есептеу.
 
Жауабы: 20%
Жұбымен тексеру. Оқытушы әр жұптардың жұмысын бағалайды.
Топтық жұмыс
 
Топтық жұмыс
  • Барлығыңызда үйде дәрі қобдишасы болады. Осы дәрі қобдишасынан ерітінді күйінде кездесетін дәрілік препараттардан мысал ретінде екі топқа дәрі ерітінділері берілген. Ал қалған екі топқа ас үйде қолданылатын сірке суы берілген. Осыларға есеп құрастырып оны шығарыңыз 
Оқушылар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Оқушылар орындап болған соң, өз жауаптарды түсіндіріп, бағалау критерийлері бойынша бағалау жүргізіледі. 
Ø Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеуді түсінеді;
Ø Әр түрлі тапсырмаларды ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей алады;
Бұл тапсырма уақытқа қарай
Рефлексия «Нені үйрендім» KWL әдісі
 
Үйге тапсырма
  1. Тұмау кезінде мұрынды шаю кезінде натрий хлоридінің 9% ерітіндісін қолданады. 100 мл суда еритін тұз массасын есептеңіз 
Жауап: 10 г
  1. Қиярды тұздау кезінде 7% ас тұзын қолданды. 50г суда ерітетін тұз массасын есептеңіз 
Жауап: 4 г
  1. Көшет өсіру үшін салмақты тұқымдар қолданады. Ол үшін оларды 4,76%  ас тұзы ерітіндісіне салады. 50 г ерітінді даярлауға қажетті тұз мөлшерін есептеңіз. 
Жауап: 2,5 г
Қосымша №1
https://www.youtube.com/watch?v=SkiRy1TViPk
Қосымша №2
презентация
презентация
Қосымша №3
дәрілік  заттары бар құтылар  
Қосымша №4
Қосымша №5

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Здоровье және қауіпсіздік техникасының   сақталуы
 
 
 

Барлық оқушылар: 
  • Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеуді түсінеді 
Көптеген оқушылар:
  • Әр түрлі тапсырмаларда еріген заттың массалық үлесін есептейді
Кейбір оқушылар:
  • Еріген заттың массалық үлесін шығаруды күнделікті өмірмен байланыстыра алады. 
Барлық оқушылар: 
  • Ерітінділердегі еріген заттың массалық үлесін есептеуді түсінді
Көптеген оқушылар:
  • Әр түрлі тапсырмаларда еріген заттың массалық үлесін есептеді
Кейбір оқушылар:
  • Еріген заттың массалық үлесін шығаруды күнделікті өмірмен байланыстыра алады.
Барлық оқушылар: 
Химия кабинетінде барлық оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтайды және берілген ерітінділерді денсаулыққа пайдасы мен зиянын біледі
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыстары
Жаңа тақырыпта алған білімдерін пратика жүзінде қолдана алуы
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Кейбір деңгейдегі оқушылардың жеке жұмыс жасауы
Оқушылардың дайындығы
2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Оқушылардың көпшілігі көбірек есеп шығарғылапры келетінін және келесі жолы есеп шығартуға көбірек көңіл бөлу қажет.