ЕНТ-ға қалай дайындалу керек? » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » » ЕНТ-ға қалай дайындалу керек?
23
март
2021

ЕНТ-ға қалай дайындалу керек?

Құрметті жас түлек!
Сіз аттанғалы отырған ЕНТ деген майданға бізде барғанбыз… Сіз сияқты бізде күндіз-түні тестті ойлап, күн санап қобалжуымыз арта түсетін. Сізде де дәл осылай шығар? ЕНТ – ны ойша жақсы тапсырғаныңызды елестетіп  жүзіңізге күлкі үйіріле бастағанда, өте алмай қалғаныңызды тағы елестете  бастайсыз… Ойдың қиялында сыныптастарыңыздан жоғары нәтижеге қол жеткізсем деп те армандайсыз.  Грант иегері атанып ауылдан  қалаға баруды жоспарлайсыз.
«Алтын белгіңізді» ақтап, Қазақстанның ең үздік университеттерінде білім алу үшін не істеу қажет?
  1. Тестке бірыңғай тест кітапшаларын және 5-11 сынып аралығындағы кітаптарды байланыстырып оқығаныңыз дұрыс;
  2. Сынақ тесттерін тапсырғанда барлығын өзіңіз істеуге тырыс. Бос уақытыңыз қалғанда ғана  достарыңызға көмектесуге болады. Әйтпесе, уақытыңызды өткізіп аласың;
  3. Сынақ тестінен кейін барлық сынақ кітапшаларындағы тест сұрақтарымен танысыңыз;
  4. Оқып, жаттаған дүниелеріңізді қайталап тұрғанда ғана  ұмытылмайды;
  5. ЕНТ пәндерінен басқа пәндерді тыс қалдырмаңыз. Ол пәндердің студент атанғаныңызда пайдасы болары анық.
  6. Дайындалу барысында 5 пәнге бірдей уақыт бөліңіз;
  7. Егер ЕНТ-ға дайындалу курстарына баратын болсаңыз, курстарға сеніп, өз бетіңізше оқымай қоюға болмайды. Өз-өзіңізді қолға алып,  уақытыңыздың барлығын дайындыққа арнасаңыз нәтиже жаман болмайды
  8. Мақсатыңыз айқын болса, армандар орындалады
Жас түлек, қамшының сабындай қысқа ғұмырда ЕНТ өмірдің тоқтауына себеп болатын қасиетті сынақ емес. ЕНТ – жай ғана бір баспалдақ. Өтсеңіз, жақсы, өтпесеңіз, ешкім сізді өмірден сызып тастамайды. Ол жай ғана балл, сан ғой. Аяғыңыз немесе қолыңыз жоқ болса, көзіңіз көрмесе, құлағыңыз естімесе не істер едіңіз? Ата-анаңыз, бауырларыңыз жоқ болса қалай болмақ? Қажетті балыңызды жинай алмасаңыз да, сіз миллиондаған адамдардан әлдеқайда бақыттысыз. Осыны ұмытпаңыз!