“Мұхаммед Хайдар Дулати-қазақ тарихының жарқын жұлдызы” тарих сабағы
Мектебімізде тарих пәнінен «Мұхаммед Хайдар Дулати – қазақ тарихының жарқын жұлдызы» атты бірыңғай сабақ өтті. Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларға Мұхаммед Хайдар Дулати тұлғасын таныстыру, оның қазақ тарихындағы орнын және еңбектерін тереңірек түсіндіру болды. 6 "А" сыныбында тарих пәні мұғалімі Әділбекова Жансая Ерболқызы оқушыларға Дулати мұрасының қазақ тарихына қосқан үлесін әсерлі баяндап, оның еңбектері арқылы сол заманның саяси және мәдени өмірін танытты.