Материалы за Март 2026 года » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года » Страница 2
3 тоқсан мектеп бойынша үлгерім 2025-2026 оқу жылы
27
март
2026
3 тоқсан мектеп бойынша үлгерім 2025-2026 оқу жылы
Мектеп бойынша жалпы оқушылар саны – 897. Оның ішінде: Үздіктер – 178 оқушы Екпінділер – 438 оқушы Үлгерушілер – 281 оқушы Үлгермеушілер – жоқ Жалпы білім сапасы – 68.7%,  Үлгерім сапасы – 100%, Орташа балл – 4.09 Мектепте жалпы үлгерім деңгейі жоғары (100%), бұл – мұғалімдердің жүйелі жұмысының нәтижесі. Алайда білім сапасы (68.7%) орташа деңгейде, әсіресе жоғары сыныптарда төмендеу тенденциясы байқалады. 
🌷 КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ: ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ! 🌷
24
март
2026
🌷 КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ: ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ! 🌷
Қымбатты оқушы! Сені ұзақ күткен көктемгі демалысыңмен құттықтаймыз! Уақытыңды қызықты өткізу үшін мына кеңестерге құлақ ас: 1. Күн тәртібін сақта ⏰ Демалыс болса да, ұйқы режимін қатты бұзба. Ерте жатып, ерте тұру — сергектіктің кепілі. Күніңді жоспарла: кітап оқуға, ойынға және үй шаруасына арнайы уақыт бөл. 2. Таза ауа — тән саулығы 🌳 Күніне кем дегенде 1-2 сағат далада серуенде. Көктемгі күн шуағынан D витаминін ал. Белсенді қозғалыста бол: волейбол, футбол ойна немесе жай ғана таза ауада
Тестілеу кезіндегі мінез-құлық ережелері
18
март
2026
Тестілеу кезіндегі мінез-құлық ережелері
ҰБТ өткізу кезінде тестіленушіге рұқсат етілмейді: аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға; тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға (төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда);
"Өлең, мен сені аялап өтем..."Т.Әшірбайқызы атындағы дәстүрлі мәнерлеп оқу сайысы
13
март
2026
"Өлең, мен сені аялап өтем..."Т.Әшірбайқызы атындағы дәстүрлі
"Өлең, мен сені аялап өтем..." тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы дәстүрлі мәнерлеп оқу сайысы өтті.   Байқаудың басты мақсаты –  ұстаздардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, поэзияны жүрекпен сезініп, шебер жеткізе білу қабілетін дамыту. Әр бірлестіктен қатысқан әріптестер қазақ әдебиетінің көрнекті ақындарының шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Әрбір қатысушының сахнадағы
Мерей Қарт Көрісу күні-Амал Мерекесімен құттықтау
12
март
2026
Мерей Қарт Көрісу күні-Амал Мерекесімен құттықтау
Қазақстан Жазушылар одағының Абай облысы филиалының төрағасы, ҚР “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт Көрісу күні-Амал Мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.  Жүрекжарды құттықтауыңыз үшін алғысымыз шексіз! 5 “А” сыныбы
«Цифрлы дәуірдегі қазақ тілі мен әдебиеті: болашаққа бағдар» онкүндігі аясында  ашық сабақ
12
март
2026
«Цифрлы дәуірдегі қазақ тілі мен әдебиеті: болашаққа бағдар»
2026 жылдың 12 наурызында №16 Төлеубай Аманов атындағы орта мектепте «Цифрлы дәуірдегі қазақ тілі мен әдебиеті: болашаққа бағдар» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Р.К.Жумабекова 9 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді. Фариза Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем…»  тақырыбындағы сабақта білім алушылар ақын өлеңін мәнерлеп оқып, сатылай кешенді талдау жасады, топтық жұмыста