Облыстық семинар аясында «TEDx ашық алаңы» форматы
Облыстық семинар аясында «TEDx ашық алаңы» форматында өткізілген «Смарт форматтағы тапсырмалар арқылы математикалық сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы Lesson Study (LS) зерттеу сабағы қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – функционалдық және математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталды. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде тиімді қолдануға және бірлескен зерттеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.