27
март
2026
«Педагогтің кәсіби дамуы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктері
27.03.2026 ж. Абай облысы білім басқармасы, Семей қаласы білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бастауыш және мектепалды сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен практикалық шешімдер» атты облыстық әдістемелік семинар аясында «Педагогтің кәсіби дамуы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктері жайлы айтылды. Педагогикалық идеялар панорамасында орын алған жұмыс жайлы қысқаша түсіндіріліп, іс- тәжірибемен бөлісті. Мақсаты: Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. Жауапты мұғалімдер: Г.С.Баяхметова, Ж.Д.Дулатова


