18
январь
2024
«Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге бөлеп бер.Өз балаңның кілтін қалай табуға?»
Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 16 қаңтар күні «Ата-аналарды қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 6«Б» сынып жетекшісі Е.Д.Ғазизова, 8«В» сынып жетекшісі А.Ч.Арипбекова және 9«В» сынып жетекшісі Ж.А.Айтбаева, мектеп психологы Д.Г.Садвакасованың ұйымдастыруымен «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге бөлеп бер.Өз балаңның кілтін қалай табуға?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың балаларының өтпелі жас кезеңде үйлесімді қарым-қатынас орнату барысында қолдау көрсету. Аталған іс-шара барысында ата-аналарға баланың негізгі жас дағдарыстары туралы ақпараттар берілді. Өз кезегінде ата-аналар да өздерін толғандырып жүрген сұрақтарымен бөлісіп, пікірлерімен алмасты. Ата-аналар жұпқа бөлініп, ана-бала рөліне енді. Бас қосу соңында ата-аналар «Менің балам жұлдыз» деген айдармен кері байланыс берді.
Ата-аналар сынып жетекшілеріне осындай тәлімі мол іс-шара үшін алғыстарын білдірді.
«ДосболLIKE: достық қолын ұсын»