31
октябрь
2024
Сынып жетекшілер отырысы
Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру – отбасындағы үйлесімді қарым-қатынастың алғышарты» тақырыбында сынып жетекшілер отырысы өтті. Директордың тәрбие ісі орынбасары М.Д.Ажгожина Ата-аналарды қолдау орталығының жұмысы жайында және әлеуметтік дағдылар туралы түсінік берді.
