22
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
8 “Ә” сынып оқушысы Исаев Ералы Латиф Хамиди атындағы VI Халықаралық байқауда аспаптық орындаушылық (Жоғары топ) номинациясы бойынша I орынды иеленді! Бұл – өнерге деген махаббат пен табандылықтың, ұзақ дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Ералыны осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата бер! Өнерің өрлей берсін, Ералы!
