«Өмір сүру ме, әлде тәуелді болу ма?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмір сүру ме, әлде тәуелді болу ма?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру
08
октябрь
2025

«Өмір сүру ме, әлде тәуелді болу ма?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру

"Жас Асыл" ЖДО психологы: Брик Лаура Маратовна Мектем оқушыларына «Өмір сүру ме, әлде тәуелді болу ма?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлық заттардың адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты мәлімет берілді. Психолог балаларға тәуелділіктің қалай пайда болатынын және оны болдырмаудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар нақты өмірлік мысалдар арқылы нашақорлықтың салдары туралы айтылды. Кездесу интерактивті түрде өткізіліп, оқушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтарына жауап алды. Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы ерекше атап өтілді. Психолог олардың бойында теріс әдеттерден аулақ болу дағдыларын қалыптастырудың қажеттілігін түсіндірді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды дұрыс таңдау жасауға және жауапкершілікпен өмір сүруге ынталандыру болды. Осындай кездесулер жастардың саналы ойлау қабілетін арттырып, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастырады. Шара соңында оқушылар нашақорлықтың алдын алу туралы пайдалы кеңестер алды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив