24
ноябрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Черлидинг және чир спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 9 “А” сынып оқушысы Тлеуғабылова Малика жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай жаттыққан жаттығулардың нәтижесі. Малика өзінің шеберлігі мен спортқа деген ерекше қызығушылығын дәлелдеп, мектеп мерейін үстем етті. Оқушымыздың бұл жетістігі – оның өзіне деген сенімінің, жаттықтырушыларының кәсіби қолдауының және ата-анасының қамқорлығының жемісі. Маликаға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жетуін тілейміз! Жарайсың, Малика! Біз сені мақтан тұтамыз!


