21
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру кездесуі
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Электротехникалық колледжінің білікті маманы 9-сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағыт-бағдар беру шарасын өткізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқуға түсу мүмкіндіктері, болашақ мамандықты дұрыс таңдау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ сұрақ-жауап арқылы кері байланыс орнатылып, оқушылардың қызығушылықтары мен болашақ жоспарлары талқыланды. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Ә.Е.


