21
ноябрь
2025
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
20.11 күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде “100 кітап” ұлттық сауалнамасы аясында Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын өтті. Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 8 “А” сынып оқушылары қатысты. “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша білім алушылар ойларын ортаға салып, ұйымдастырушылар тарапынан дайындаған тапсырмаларға жауап берді. Іс-шараның өтуіне белсенді қатысқандары үшін сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды.



