01
декабрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
8 "Ә" сынып оқушысы Нұрслям Нұрали Астана қаласында өткен Жастар арасындағы бокс республикалық турнирінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 1-орынға ие болды. Жарыс барысында ол өз шеберлігін, талаптылығы мен батыл мінезін дәлелдеп, қарсыластары арасында үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл жеңіс – Нұрслямның табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі. Оның жетістігі мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Нұрслямды жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық жолында биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!


