09
апрель
2026
«Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында бірлескен кездесу
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б», 8 «В» сынып ата-аналарының қатысуымен «Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында бірлескен кездесу өткізілді.
Ата-аналар мен балалар арасында кездесетін қиындықтарды жеңе алатын дағдыларды қалыптастыра отырып, баланы белсенді тыңдауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға елуге жуық ата-ана қатысты. Мектеп психологы Үміт Даниярқызы да тақырыпқа сәйкес психологиялық ахуал қалыптастырып, ата-аналармен ой бөлісті. Білім алушылардың ата-аналары жоспар бойынша дайындалған сұрақтарға белсене қатысып, ойларын толық жеткізе білді. Бірлескен кездесуден кейін әр сынып ата-аналары «Мектеп пен ата-ана бірлігі- баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» тақырыбында өткен жеке жиналысқа тарасты. Жауапты: А.С.Аубакирова, Э.М.Райымбекова, А.А.Ибрагимова, Д.О.Темірғалиева.


