09
апрель
2026
«Мектеп пен ата-ана бірлігі – баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» жиналыс
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «Мектеп пен ата-ана бірлігі – баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» тақырыбы кеңінен талқыланды. Күн тәртібінде оқушылардың оқу жетістіктері, тәрбие жұмыстарының қорытындысы және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру жолдары түсіндірілді. Жиын ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.


