Қиял әлеміне саяхат" тақырыбында 3 "Ә" сыныбымен тренинг
Мектебімізде 3 «Ә» сыныбы оқушыларымен «Қиял әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық-психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты – оқушылардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзін-өзі тануына ықпал ету және өзіне деген сенімділігін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі қызықты жаттығулар мен ойындарға белсене қатысты. Атап айтқанда, «Қиялдағы кейіпкер», «Сиқырлы әлем», «Арман картасы» сияқты тапсырмалар арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Сонымен қатар, топтық жұмыстар арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасап, өзара қолдау көрсету дағдыларын дамытты.
Тренинг барысында оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Әрбір бала өз қиялын еркін жеткізіп, ерекше идеяларымен бөлісті. Бұл олардың өзіндік ойлау қабілетінің дамуына және өзіне деген сенімділігінің артуына оң әсерін тигізді.
Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі тренингтің қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтті.
Осындай тренингтер оқушылардың тұлғалық дамуына, эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік береді.Педагог-психолог: Садвакасова Д.Г


