Психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы өтті » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы өтті
06
апрель
2026

Психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы өтті

№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының» жоспарына сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы ұйымдастырылды. Аталған апталық оқушылардың психологиялық жай-күйін жақсартуға, жағымды эмоционалдық орта қалыптастыруға және мектептегі қолдау жүйесін нығайтуға бағытталды.

Апталық «Жақсы көңіл күй апталығы» тақырыбымен басталып, түрлі психологиялық акциялар мен шығармашылық жұмыстар өткізілді. Оқушылар арасында «Бүгінгі күннің көңіл күйі» акциясы, мотивациялық сөздер жазылған карточкалар тарату, сондай-ақ «Менің көңіл күйім» атты шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл шаралар оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуіне және позитивті ой қалыптастыруына ықпал етті.

Сонымен қатар апталық барысында «Позитивті ойлау күні» ұйымдастырылып, барлық сынып оқушыларына арналған тренингтер мен ойындар өткізілді. «Жақсы сөздер ойыны», «Мен бақыттымын, себебі…» сияқты жаттығулар арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, эмоцияларын ашық білдіруге мүмкіндік алды.

Аптаның келесі күндері оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған тренингтер, ертегі терапиясы, квест ойындары және арт-терапиялық жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарға арналған психологиялық қолдау күні де ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен қолдауының маңыздылығы түсіндірілді.

Апталық қорытындысында жоғары сынып оқушыларына арналған «Қорытынды аттестаттауға сеніммен барайық» тақырыбында тренинг өткізілді. Жалпы, өткізілген іс-шаралар оқушылардың психологиялық саулығын нығайтып, олардың өз-өзіне деген сенімін арттыруға оң әсерін тигізді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив