Вейп: Сәнді әуестік пе, әлде тығырыққа тірейтін тұзақ па?" атты тәрбие сағаты » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Вейп: Сәнді әуестік пе, әлде тығырыққа тірейтін тұзақ па?" атты тәрбие сағаты
13
апрель
2026

Вейп: Сәнді әуестік пе, әлде тығырыққа тірейтін тұзақ па?" атты тәрбие сағаты

10 "А" сыныбында "Вейп: Сәнді әуестік пе, әлде тығырыққа тірейтін тұзақ па?" атты тәрбие сағаты өтті. Сабақтың басты мақсаты — жасөспірімдер арасында белең алған электронды темекінің зияны туралы шынайы ақпаратты жеткізу және салауатты өмір салтын насихаттау. Сабақ барысында оқушылар вейптің химиялық құрамымен танысып, оның тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесіне тигізетін зардаптары туралы мәлімет алды. Арнайы көрсетілген бейнеролик вейпке деген «сәнді әуестіктің» артында қандай қауіпті тұзақ тұрғанын айқын көрсетті.
Тәрбие сағаты еркін пікірталас форматында жалғасты. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, мәселенің мән-жайын терең талқылады. Сабақ соңында сынып оқушылары топтарға бөлініп, «Электронды темекіге антижарнама» тақырыбында шығармашылық жұмыс қорғады. Бұл тапсырма арқылы балалар зиянды әдеттен бас тартудың маңыздылығын шығармашылық тұрғыдан жеткізе білді. Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы. Оқушыларымыздың дұрыс таңдау жасап, зиянды әдеттерден аулақ болуы біз үшін басты назарда. Өткізген: 4 курс студенті Мырзағали А.А. Сынып жетекшісі: Арипбекова А.Ч.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив