“Жақсы сөз-жанға қуат” тілектер бұрышы
«Жақсы көңіл-күй» апталығы аясында мектебімізде «Жақсы сөз – жанға қуат» атты ерекше тілектер бұрышы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген құрмет пен ізгі ниетті арттыру, сондай-ақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды.
Аталған бұрышқа оқушылар белсене қатысып, өздерінің жылы лебіздерін, ақ тілектерін түрлі түсті қағаздарға жазып, арнайы тақтаға ілді. Әрбір жазылған сөз шынайылық пен мейірімге толы болды. Оқушылар достарына, ұстаздарына және жалпы мектеп ұжымына арнап жүрекжарды тілектерін білдірді.
Іс-шара барысында мектеп дәлізінде ерекше жылулық пен позитивті атмосфера орнады. Оқушылар бір-бірінің жазған тілектерін оқып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мұндай қарапайым, бірақ мағынасы терең бастама балалардың рухани дамуына, бір-біріне деген жанашырлығын арттыруға үлкен әсер етті.
«Жақсы сөз – жанға қуат» бұрышы оқушылардың тек шығармашылық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.


