10
январь
2020
" ҰБТ жəне мамандық таңдаудың қыры мен сыры" мектеп түлектерімен кездесу
ТЕДх жобасы 2017-2018, 2018-2019 жылы бітірген мектеп түлектерімен өткізілді. Тақырыбы: " ҰБТ жəне мамандық таңдаудың қыры мен сыры"Қимастықпен қоштасып кеткен мектебіміздің түлектері, үлкен өмірге қадам басқан соң әркім де алтын ұя мектепті сағына аңсайтыны заңдылық. Міне, көкейдегі сағынышы қуанышқа айналған мектебіміздің бір топ түлектері қысқы демалысқа шыққан түлектер мектепке қонаққа келді. Оқу орындарында білім алып жатқан алғашқы қарлығаштар студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы туралы баяндап, кездесуге келген мектеп оқушыларына өздері таңдаған мамандықтың ерекшеліктері жайында сыр бөлісті. Болашақта мамандық пен жоғары оқу орынды таңдауда дұрыс шешім жасауға шақырған түлектеріміз өздері оқыған оқу орындағы қызықты сәттерді еске алды. Дәстүрге айналатын студенттермен кездесу кеші келер жыла да өз жалғасын табатынына сеніміміз мол. 
