IC-ШАРАЛАР » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным!" тақырыбында тәрбие сағаты
24
октябрь
2025
Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным!" тақырыбында тәрбие
5"Ә" сыныбында Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным!" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Есенова Ж.Е.
“Менің Қазақстаным”атты кітап көрмесі
20
октябрь
2025
“Менің Қазақстаным”атты кітап көрмесі
“25 Қазан- Республика күні”мерекесіне орай мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Менің Қазақстаным”атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпақты отанын сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
«Сенің құқығың — сенің қорғаның» танымдық сайысы
20
октябрь
2025
«Сенің құқығың — сенің қорғаның» танымдық сайысы
Бүгін №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 10-сынып оқушылары арасында «Сенің құқығың — сенің қорғаның» атты танымдық сайыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды білуге және өз құқықтарын қорғауға баулу болып табылады. Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін, тапқырлығын және ой ұшқырлығын көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етті.
«Күз әдемілігі» атты сән дефилесі
15
октябрь
2025
«Күз әдемілігі» атты сән дефилесі
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында дәстүрлі «Күз әдемілігі» атты сән дефилесі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру, табиғат сұлулығын сезіне білуге және сахна мәдениетін меңгеруге баулу болды.2"Ғ" сыныбынан қатысты. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Абайла, жұқа мұз!» тақырыбында тәрбие сағаты
10
октябрь
2025
«Абайла, жұқа мұз!» тақырыбында тәрбие сағаты
«Абайла, жұқа мұз!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінде, мұз қатқан кезде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінік беру. Мұздың жұқалығынан туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу, өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. 1 “Г” сынып жетекшісі: Абеуова Ш.Р.
«Өмір сүру ме, әлде тәуелді болу ма?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру
08
октябрь
2025
«Өмір сүру ме, әлде тәуелді болу ма?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру
"Жас Асыл" ЖДО психологы: Брик Лаура Маратовна Мектем оқушыларына «Өмір сүру ме, әлде тәуелді болу ма?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлық заттардың адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты мәлімет берілді. Психолог балаларға тәуелділіктің қалай пайда болатынын және оны болдырмаудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар нақты өмірлік мысалдар арқылы нашақорлықтың салдары туралы айтылды. Кездесу
“Психологиялық саулық-қоғамның күші” 8 “В”сынып оқушыларымен психологиялық тренинг
07
октябрь
2025
“Психологиялық саулық-қоғамның күші” 8 “В”сынып оқушыларымен
Оқушылар арасында психологиялық жайлылықты орнату, өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы психикалық саулықты нығайту мақсатында “Психологиялық саулық-қоғамның күші” тақырыбында 8 “В”сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өтті. Өткізген педагог-психолог:Баяндинова У.Д #психикалық_денсаулық_күні_ӨПҚӘО@center_psychology_abay
“Fun with English” атты интеллектуалды сайыс
07
октябрь
2025
“Fun with English” атты интеллектуалды сайыс
7 қазан күні Ағылшын тілі бірлестігінің онкүндігі аясында 5-сынып оқушылары арасында “Fun with English” атты интеллектуалды сайыс өтті.  Сайыс барысында оқушылар “Quiz Time”, “Magic Cups”, “Interactive Questions” сияқты қызықты кезеңдерде өз білімдері мен тапқырлығын көрсетті. 🎯 Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ынтасы үшін үлкен алғыс! 🏆💙
Көңілді үзіліс
07
октябрь
2025
Көңілді үзіліс
Ағылшын тілі бірлестігінің онкүндігі аясында көңілді үзіліс ұйымдастырылды.  Пән мұғалімдері: Ахметкалиева М.Н., Хамитова А.Қ. 
"Ерлік пен еңбек даңқы"музейінне саяхат
07
октябрь
2025
"Ерлік пен еңбек даңқы"музейінне саяхат
Бүгін 2 "А" сыныбы қаламыздағы 40 жылдық тарихы бар "Ерлік пен еңбек даңқы"музейіне барды. Бұл музей жастар үшін тек тарихи дерек қоры емес, сонымен қатар тәрбие мектебі. Ол жастар бойында отансүйгіштік, азаматтық,жауапкершілік,еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады. Сынып жетекшісі:Баяхметова Г.С.