Цирк – тек ойын-сауық емес, ол қуаныш пен шабыттың қайнар көзі
Мектебімізге келген қойылым оқушыларға ерекше қуаныш сыйлады! Түрлі-түсті шамдар, көңілді әуендер мен қызықты номерлер балалардың көңіл-күйін көтеріп, бір сәтке ертегі әлеміне жетелегендей болды. Балалардың жүзіндегі шат күлкі мен жарқын эмоциялар бұл күннің есте қаларлықтай өткенін көрсетті. Осындай әсерлі сәттер оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Цирк – тек ойын-сауық емес, ол қуаныш пен шабыттың қайнар көзі екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік!