“Step Into Poetry” атты байқау
Ағылшын тілі апталығы аясында 6-сыныптар арасында “Step Into Poetry” атты байқау өткізілді. Бұл шараға 6 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптарының оқушылары белсене қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Қатысушылар сүйікті өлеңдері мен тақпақтарын мәнерлеп оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Барлығы 8 оқушы қатысып, олардың арасынан үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға І, ІІ және ІІІ дәрежелі орындар беріліп, қалған қатысушыларға грамоталар табысталды. Пән мұғалімдері: Аскаткызы В. Мухаметжанова А.Д