«Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік»әдістемелік-тәжірибелік семинар » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік»әдістемелік-тәжірибелік семинар
05
март
2025

«Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік»әдістемелік-тәжірибелік семинар

№16 Төлеубай Аманов атындағы орта мектепте облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік» тақырыбында облыстық әдістемелік-тәжірибелік семинар өтті. Семинар жұмысының аясында «Орта білім беретін үздік ұйым-2024» байқауының жүлдегері №16 жалпы орта білім беретін мектептің шығармашылық ізденістері, озық тәжірибелері таратылды. Семинарды «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ директоры А.С. Исабаева алғысөзбен ашты. Мектеп директоры А.У. Сатаева «IMAGE – мектептегі көшбасшылықты жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Семинарға қатысушылар мектептің білім беру саласындағы жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ оның тарихи-мәдени құндылықтарымен де танысу мүмкіндігіне ие болды. Осыған орай, келген қонақтар мектеп мұражайын аралап, оның құнды жәдігерлерімен танысты. Мұражайда мектеп тарихы, білім ордасының жетістіктері және танымал түлектер туралы мағлұматтар ұсынылды. Бұл экскурсия қонақтарға мектептің тек білім беру ғана емес, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауда да маңызды рөл атқаратынын көрсетті

 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив