Оқу үрдісі » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз!!!
01
декабрь
2025
Құттықтаймыз!!!
ЖасStar" командасы FIRST LEGO League Explore сайысында ерекше жетістікке жетті. FIRST LEGO League Explore – балалардың ғылым мен технологияға қызығушылығын арттыратын халықаралық бағдарлама. Ол балаларды тәжірибе жасауға, сенімділік пен сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағыттайды. Бағдарлама FIRST® және LEGO® Education серіктестігі негізінде құрылған. Биыл жарысқа біздің мектептен ЖасStar командасы қатысып, белсенділік танытты. Команда құрамында 4-сынып оқушылары Кәдірғали Бексұлтан мен Елшат
"OFFroad race" жол талғамайтын робот машина
27
ноябрь
2025
"OFFroad race" жол талғамайтын робот машина
Мектепішілік инновациялық жобаларды дамыту мақсатында 3-сынып оқушылары арасында “OFFroad Race” жол талғамайтын робот машина жасау сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыс бастауыш сынып оқушыларының инженерлік ойлау қабілетін арттыруға, робототехникаға деген қызығушылығын оятуға және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталды. Сайысқа қатысқан оқушылар LEGO бөлшектері мен қарапайым робототехника элементтерін пайдаланып, түрлі кедергілерден өте алатын жол талғамайтын робот-машиналар құрастырды. Әр
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
21
ноябрь
2025
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
20.11 күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде “100 кітап” ұлттық сауалнамасы аясында Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын өтті. Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 8 “А” сынып оқушылары қатысты. “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша білім алушылар ойларын ортаға салып, ұйымдастырушылар тарапынан дайындаған тапсырмаларға жауап берді. Іс-шараның өтуіне белсенді қатысқандары үшін сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларды дайындаған:
22025–2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша мектептің оқу жетістіктеріне сараптама
27
октябрь
2025
22025–2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша мектептің оқу жетістіктеріне
2025–2026 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша мектепте барлығы 897 оқушы білім алуда. Тоқсандық бағалау нәтижелері төмендегідей: Оқу озаттары: 137 оқушы (15%) Екпінділер: 424 оқушы (47%) Үлгерушілер: 336 оқушы (38%) Үлгермеушілер: жоқ (0%) Бір пәннен “4” алғандар: 64 оқушы Бір пәннен “3” алғандар: 48 оқушы Білім сапасы: 62,5%  Үлгерім көрсеткіші: 100%  Орташа балл:  4,02
“Қос тілдің шебері”атты әдеби шолу 6 сыныптар
14
октябрь
2025
“Қос тілдің шебері”атты әдеби шолу 6 сыныптар
Мектеп кітапханасында “Балалар және жасөпірімдер кітапханасы” қызметкерлерімен бірлескен жұмыс Абайтанушы-ғалым Мұрат Сұлтанбековтың шығармашылығы бойынша “Қос тілдің шебері”атты әдеби шолу 6 сыныптар арасында өткізілді.  Мақсаты:жергілікті жазушы М.Сұлтанбековтың өмірі,шығармаларымен таныстыру,өскелең жас ұрпақты әдебиетке жақын болуға,адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру.
“Ана тілі-асыл мұра”атты мәнерлеп оқу
19
сентябрь
2025
“Ана тілі-асыл мұра”атты мәнерлеп оқу
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында “Ана тілі-асыл мұра”атты мәнерлеп оқу өткізілді.Мақсаты: Оқушылар өз еліне,ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру,тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге,тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету,тіліміздің қадір,қасиетін бойларына дарыту.Белсене қатысқан 4”Б”,4”Г”,3”А” сынып оқушыларына алғыс айтамыз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 19 Вперед