«МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЖАНУАРЫМ» ВИДЕО-РОЛИК КОНКУРСЫ
Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектепте онлайн «Жас жұлдыз» лагері күзгі каникул кезінде әр-түрлі іс-шаралар атқарып келеді. Лагерге 1-4 сынып оқушылары қамтылды. Арнайы бекітілген жоспар бойынша оқушыларға қызықты ойындар, сайыстар өткізілуде. Осы орайда 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті жануарым» видео-ролик конкурсы өткізілуде. Сайыстың мақсаты балалардың жануарларға, houseжануарларына мейірімділікпен қарап, оларға қамқор болуды үйрету.