Материалы за Январь 2026 года » Страница 4 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» Материалы за Январь 2026 года » Страница 4
«Литературное Прииртышье» атты қалалық  мәнерлеп оқу байқауы
23
January
2026
«Литературное Прииртышье» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауы
2026 жылдың 23 қаңтарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өткен «Литературное Прииртышье» атты қалалық  мәнерлеп оқу байқауында 10«А» сынып оқушысы Солтанғазина Анель (жетекшісі - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы А.Ч.Арипбекова) БАС ЖҮЛДЕ иеленді.
5 "А”сынып оқушылары  "Ерлік және еңбек даңқы" музейіне
22
January
2026
5 "А”сынып оқушылары "Ерлік және еңбек даңқы" музейіне
5 "А”сынып оқушылары  "Ерлік және еңбек даңқы" музейіне барды. Музейде Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен танысып, соғыста  жанқиярлық ерлік көрсеткен батырларымыз жайлы мағлұмат алып қайтты. Бұл танымдық сабақтың егемен елдің жас жеткіншектеріне патриоттық тәрбие беруде маңызы зор болды. Сынып жетекшісі: А.Қ.Хамитова Семей қаласы    #Адал_азамат_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей #Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Семей
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
22
January
2026
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден
2026 жылдың 22 қаңтарында  Абай облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мектебіміздің дарынды оқушылары марапатталды. Атап айтқанда, география пәнінен жүлделі ІІІ орын иеленген 10 «Ә» сынып оқушысы Ержанқызы Нағима (жетекшісі – география пәнінің
«Білім - болашақ кепілі: 9- сынып жауапкершілік кезең»  9- сынып ата-аналарының жина
22
January
2026
«Білім - болашақ кепілі: 9- сынып жауапкершілік кезең» 9- сынып
 «Білім - болашақ кепілі: 9- сынып жауапкершілік кезең» атты 9- сынып ата-аналарының жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша педагог-психолог жасөспірімдердің  мінез-құлық ерекшеліктері туралы хабарлама жасады. Кәсіби бағдар беруші ата-аналарға кәсіби бағдар туралы қосымша мәліметтер ұсынып, колледж өкілдері таныстырылым жасады. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.К. Райстанова қорытынды аттестаттау, ББМЖ бойынша ақпарат беріп, таңдау пәндері таныстырды.
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
22
January
2026
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық
2026 жылдың 22 қаңтарында  Абай облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мектебіміздің дарынды оқушылары марапатталды. Атап айтқанда, география пәнінен жүлделі ІІІ орын иеленген 10 «Ә» сынып оқушысы Ержанқызы Нағима (жетекшісі – география пәнінің
6 сыныптар арасында “Жусан иісі” повесі бойынша кітапханалық сабақ
21
January
2026
6 сыныптар арасында “Жусан иісі” повесі бойынша кітапханалық сабақ
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай 6 сыныптар арасында “Жусан иісі” повесі бойынша кітапханалық сабақ өткізілді.Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке,бауырмалдыққа,Аян бейнесі арқылы ұқыптылыққа,әдебиетке құштарлыққа,қайсарлыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат
21
January
2026
8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат
2026 ж. 21 қаңтар күні 8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алды. Мұражай қызметкерлері Ф.М. Достоевскийдің кәсібі, оның орыс әдебиетіндегі орны, сондай-ақ әлемдік әдебиетке қосқан үлесі жайында жан-жақты таныстырды. Сынып жетекші: Райымбекова Э.М.
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс»
21
January
2026
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс» №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясында «Көңілді үзіліс» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараны Шәкәрім университетінің 4-курс, ИР-201 тобының студенттері мен информатика пәні мұғалімдері бірлесе өткізді.  Іс-шара барысында «Кім жылдам?» атты танымдық әрі көңілді ойын ойнатылды. Сонымен қатар информатика пәні мұғалімі Айтбек Маратұлы оқушылар
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат
20
January
2026
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат
2026 жылдың 20 қаңтарында, 9 «А» сынып оқушылары Семей төріндегі қасиетті мекен — Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат жасады.Оқушылар әлемдік әдебиеттің алыбы, ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына терең бойлап, оның Ш. Уәлихановпен болған достығы жайында құнды деректермен танысты. Бұл сапар жасөспірімдердің әдебиетке деген құштарлығын оятып, ерекше рухани әсер сыйлады. Сынып жетекшісі: А.А. Бектурсынова
«Көңілді үзіліс»
20
January
2026
«Көңілді үзіліс»
 Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс» №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте Шәкәрім университетінің 3 курс, М1-301 тобының студенттері ұйымдастырған танымдық әрі көңілді ойын өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және оқу үдерісін қызықты форматта ұйымдастыру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, шапшаңдық пен тапқырлықтарын көрсете білді 🎈