01
May
2025
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында, Семей қаласының Бейбітшілік аралында ерекше шара өтті. Балаларға арналған шығармашылық жұмыстар көрмесінде 500-ден астам қолөнер туындылары жұрт назарына ұсынылды. Экспонаттардың әрқайсысы – балғын жүректің бейбіт өмірге, татулық пен келісімге деген шынайы тілегінің көрінісі. Бұл көрме арқылы оқушылар бейбітшілік – біздің ең қымбат қазынамыз екенін айқын көрсете білді. Бірлік пен ынтымақтастықты насихаттау – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды міндет. Шара аясында балалардың өнері мен ой-өрісіне қолдау білдіріп, олардың еңбегіне жоғары баға берілді.
Осы игі бастамаға біздің мектебіміздің де ұстаздары белсене атсалысты. Атап айтқанда, Р.Р. Хисамудинова мен А. Серікқалиқызы өз үлестерін қосып, көрменің мазмұнды өтуіне зор еңбек сіңірді. Ұстаздарымыздың белсенділігі мен бастамашылдығы – жас ұрпаққа үлгі боларлық іс. Олардың еңбегі мерекенің рухын арттырып, шараны мазмұнды етуге үлкен септігін тигізді.

