Қиял әлеміне саяхат" тақырыбында 3 "Ә" сыныбымен тренинг » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » Қиял әлеміне саяхат" тақырыбында 3 "Ә" сыныбымен тренинг
16
April
2026

Қиял әлеміне саяхат" тақырыбында 3 "Ә" сыныбымен тренинг

Мектебімізде 3 «Ә» сыныбы оқушыларымен «Қиял әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық-психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты – оқушылардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзін-өзі тануына ықпал ету және өзіне деген сенімділігін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар түрлі қызықты жаттығулар мен ойындарға белсене қатысты. Атап айтқанда, «Қиялдағы кейіпкер», «Сиқырлы әлем», «Арман картасы» сияқты тапсырмалар арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Сонымен қатар, топтық жұмыстар арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасап, өзара қолдау көрсету дағдыларын дамытты.

Тренинг барысында оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Әрбір бала өз қиялын еркін жеткізіп, ерекше идеяларымен бөлісті. Бұл олардың өзіндік ойлау қабілетінің дамуына және өзіне деген сенімділігінің артуына оң әсерін тигізді.

Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі тренингтің қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтті.

Осындай тренингтер оқушылардың тұлғалық дамуына, эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік береді.Педагог-психолог: Садвакасова Д.Г

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив