Оқу үрдісі » Страница 5 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
“Әжемнің ертегісі” атты ертегі оқу
21
April
2025
“Әжемнің ертегісі” атты ертегі оқу
23 сәуір-Ұлттық кітап күні мерекесіне орай мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 1 сыныптар арасында “Әжемнің ертегісі” атты ертегі оқу өткізілді Мақсаты: оқушыларға ертегі оқу арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей  #АПҚО_Абай_облысы_Семей
“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы
02
April
2025
“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы
2-сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай мектеп кітапханасында 8 сыныптар арасында “Болашаққа кітаппен”атты кітапханалық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы,кітапқа деген қызығушылығын арттыру,білімге деген құштарлығын ояту,кітапты сүюге,таза ұстауға тәрбиелеу
Мектептің 3 тоқсан бойынша білім сапасы
31
March
2025
Мектептің 3 тоқсан бойынша білім сапасы
Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының білім сапасы мен үлгерім деңгейіне сараптама жасалды. Жалпы мектеп бойынша 4 параллель сыныпта 408 оқушы білім алуда. Оқу үлгерімі мен білім сапасы Мектеп бойынша оқу озаттарының жалпы саны 128 оқушыны құрайды, бұл барлық оқушылардың 31,4%-ына тең. Екпінділер саны 179 оқушы болып, жалпы оқушылардың 43,9%-ын құрады. Үлгерушілер саны 101 оқушы, яғни 24,7% болды. Барлық сыныптардың үлгерімі
Көркем әдебиет – рухани азық
30
March
2025
Көркем әдебиет – рухани азық
Көктемгі демалыс күндері 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары "Кітап – білім бұлағы" іс-шарасы аясында көркем әдебиет оқып, өз білімдерін кеңейтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін дамыту. Оқушылар қазақ және әлем әдебиетінен таңдаулы шығармаларды оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Кітап оқу арқылы олар тарихи оқиғалармен танысып, көркем бейнелердің терең мағынасын түсінуге мүмкіндік алды. Әдеби
Кітап – ең жақсы дос
28
March
2025
Кітап – ең жақсы дос
Кітап оқу – білімге апарар алтын көпір. 4 «Ә» сынып оқушылары Серікқали Айдар, Дүйсенбек Жібек  демалысты бос уақыт ретінде емес, өздерін дамыту мүмкіндігі ретінде қарастыруда. Балалар түрлі қызықты кітаптарды оқып, шығармалардың мазмұнын талдап, өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісуде. Бұл олардың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамытады. 
Көктемгі каникул кезінде 9 сыныптар қорытынды аттестаттауға қосымша сабақ
27
March
2025
Көктемгі каникул кезінде 9 сыныптар қорытынды аттестаттауға қосымша
Көктемгі демалыс – оқушылар үшін тынығып, күш жинайтын уақыт. Алайда, 9-сынып оқушылары үшін бұл кезең қорытынды аттестаттауға дайындалуға таптырмас мүмкіндік. Осыған орай, мектептерде қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылардың білімін пысықтауға жағдай жасалады. Қосымша сабақтардың басты мақсаты – негізгі пәндер бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика және Қазақстан тарихы) оқушылардың білімін бекіту, күрделі тақырыптарды қайталау және тест тапсырмаларын шешу дағдыларын дамыту. 
ПЕДАГОГТЕР АТТЕСТАЦИЯСЫ-2025
10
March
2025
ПЕДАГОГТЕР АТТЕСТАЦИЯСЫ-2025
Мектеп директорының жанындағы отырыста "Педагогтер аттестациясы – 2025" тақырыбында ақпараттық таныстырылым өтті. Бұл жиында педагогикалық кадрларды аттестациялау үдерісі, оның жаңа талаптары мен өзгерістері кеңінен талқыланды. Мектеп әкімшілігі педагогтерге аттестацияның кезеңдері, бағалау өлшемдері және қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, аттестациядан сәтті өту үшін мұғалімдерге кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, оқыту әдістерін жаңарту және шығармашылық
FIRST Tech Challenge UK және Ireland: робототехника сайысының шарттары
10
March
2025
FIRST Tech Challenge UK және Ireland: робототехника сайысының шарттары
FIRST Tech Challenge UK және Ireland – бұл 12-18 жас аралығындағы жастарға арналған робототехника бағдарламасы, онда қатысушылар роботтарды жобалап, құрастырып, бағдарламалап, жаһандық жарыстарда бақ сынайды. Бағдарлама қыркүйектен наурызға дейін созылып, оқушылардың STEM саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған.
«Болашаққа кітаппен» атты «READ x» жобасы
06
March
2025
«Болашаққа кітаппен» атты «READ x» жобасы
Облыстық семинар аясында  « Болашаққа кітаппен »  атты  «READ x» жобасы өткізілді.  Жобаның мақсаты:  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушыларымызды көркем шығармаларды оқып-талқылауға,оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға,рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға жол көрсетті.
Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды
27
февраль
2025
Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды
2025 жылғы 25 ақпанда ҚР Білім министрі педагогтерді аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді педагогтар мен әдіскерлер 5 жылда бір рет, ал білім беру ұйымдарының басшылары 3 жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Аттестаттау біліктілік бағалауынан, ПББ-дан және кешенді талдаудан тұрады. Жаңа біліктілік санаттары: "педагог", "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер". Аттестаттау нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен комиссиямен