ШАХМАТ БОЙЫНША ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
Мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған Ұлттық Мектеп Лигасы аясында Шығыс Қазақстан облысының «Белая ладья» Ұлттық онлайн турнирі өткізілді. Жарыстар үш жас санаты, атап айтқанда: 2-7, 8-9 және 10-11 сыныптар бойынша өткізілді. Регламентке сәйкес аталмыш турнирге бір мектеп базасында құрылған құрама командалар қатысады. Жеңімпаз команда республикалық деңгейдегі осындай турнирге қатысу құқығына ие болады. ҚР БҒМ ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы