Материалы за 26.11.2020 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
Жалпы республикалық өзін-өзі тану сағаттары
26
ноябрь
2020
Жалпы республикалық өзін-өзі тану сағаттары
2020 жылдың 23 ноябрьсында Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің өзін – өзі тану мұғалімдері оқушыларға, ата-аналарға қашықтан оқыту форматында «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» тақырыбында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаттарын өткізді. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін құндылықтар туралы айтылды.  
ҚР тəуелсіздігіне арналған "Мəңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел" тақырыбында қойылым
26
ноябрь
2020
---
ҚР тəуелсіздігіне арналған "Мəңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел"
Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы 16 жалпы орта білім беретін мектептің "Абай əлеміне саяхат" клуб мүшелерінен құрылған команда ҚР тəуелсіздігіне арналған "Мəңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел" тақырыбында ШҚО ғылыми əдістемелік " Дарын" орталығы ұйымдастырған конкурста "БАС ЖҮЛДЕ" жеңіп алып, мектеп атын асқақтатты. Осы конкурсқа қатысқан барлық оқушыны құттықтаймыз! Сыйлыққа: Телевизор, əр оқушыға смарт сағат. Жетекшісі; Ажгожина.Маржан Даутбекқызы 
Еңбек ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі ұстаз К.Ж.Марқабаева  кездесу
26
ноябрь
2020
Еңбек ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі ұстаз К.Ж.Марқабаева
Еңбек ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ұстаздардың ұстазы, Білімге 47 жыл қызмет еткен ұстаз Казиза Жұмағалиқызы Марқабаева. Мерейлі жасыңыз  құтты болсын! Сіздің дара жолыңызда осы Аманов атындағы  орта мектебінің алатын орны ерекше деп ойлаймыз. Сіз салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Сол өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, кейінгі ұрпақ жас мамандарға үлгі ету мақсатында  кездесу өтті.