«АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» КЛУБЫНЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
Адамзат ойшылы, қазақ халқының данышпан ұлы Абай Құнанбайұлының әлем мен туған ел тағдырына алаңдауынан туындаған ұлы сезімдері мен асыл ойларын жастарымыздың рухани тәрбиесіне пайдалану мақсатында құрылған «Абай әлеміне саяхат» клубының жұмыс істей бастағанына бар болғаны екі-ақ жыл болса да біраз жетістіктерге қол жеткізді. Маңғыстау облысының барлық 134 мектебінде, Ш. Есенов атындағы технологиялар және инженеринг университетінде клуб құрылды. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік