«Көптілділік - кемел болашақ кепілі» айлық жоспары 8,9-сынып
Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай «Көптілділік - кемел болашақ кепілі» айлық жоспарының негізінде 8,9-сынып оқушыларының арасында «Ұлттың болашағы - мемлекеттік тілде» интеллектуалдық сайыс өтті. 5 турдан тұрған сайыста командалар грамматика бойынша сұрақтарға жауап берді, әдебиеттегі кейіпкерлерді тапты, кез келген әдеби шығармадан үзінді оқыды. Қазылар алқасының шешімі бойынша 📌1-орынды “Шаңырақ” (8 А) және “Жас сарбаз” (8 В) командалары қанжығаларына байлады.