1 май – Қазақстан халқының бірлігі күні » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » 1 май – Қазақстан халқының бірлігі күні
01
май
2025

1 май – Қазақстан халқының бірлігі күні

Бүгін, 1 май – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында, Семей қаласының Бейбітшілік аралында ерекше шара өтті. Балаларға арналған шығармашылық жұмыстар көрмесінде 500-ден астам қолөнер туындылары жұрт назарына ұсынылды. Экспонаттардың әрқайсысы – балғын жүректің бейбіт өмірге, татулық пен келісімге деген шынайы тілегінің көрінісі. Бұл көрме арқылы оқушылар бейбітшілік – біздің ең қымбат қазынамыз екенін айқын көрсете білді. Бірлік пен ынтымақтастықты насихаттау – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды міндет. Шара аясында балалардың өнері мен ой-өрісіне қолдау білдіріп, олардың еңбегіне жоғары баға берілді.
Осы игі бастамаға біздің мектебіміздің де ұстаздары белсене атсалысты. Атап айтқанда, Р.Р. Хисамудинова мен А. Серікқалиқызы өз үлестерін қосып, көрменің мазмұнды өтуіне зор еңбек сіңірді. Ұстаздарымыздың белсенділігі мен бастамашылдығы – жас ұрпаққа үлгі боларлық іс. Олардың еңбегі мерекенің рухын арттырып, шараны мазмұнды етуге үлкен септігін тигізді. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив