«Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды!» бірыңғай ерлік сабағы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » «Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды!» бірыңғай ерлік сабағы
06
май
2025

«Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды!» бірыңғай ерлік сабағы

6 «Б» сыныбында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспары аясында «Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды!» тақырыбында бірыңғай ерлік сабағы өткізілді. Бұл танымдық сабақ оқушыларға өткен тарихымызды тереңірек таныстыруға бағытталды. Іс-шараны сынып жетекшісі Жазира Маратовна және машықкерлер Серікбаева Шұғыла мен Серікқазыева Дания ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, жеңістің халық жүрегіндегі орны түсіндірілді. Батырлардың ерліктері туралы әңгімелер айтылып, олардың есімдері ешқашан ұмытылмайтыны ерекше атап өтілді. Оқушылар соғыс ардагерлерінің естеліктерін тыңдап, патриоттық рухта тақпақтар оқыды. Сонымен қатар, батырлар туралы көрнекі материалдар мен тарихи фотосуреттер көрсетілді. Іс-шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін түсінудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттырады. Ұйымдастырушылардың еңбегі мен оқушылардың белсенділігі арқасында сабақ жоғары деңгейде өтті. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив