01
июнь
2026
Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады!
№16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББ мектебінде жазғы мектеп жанындағы “ Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады! ☀️
Бүгін балалар үшін қуанышқа, шаттыққа және жаңа әсерлерге толы жазғы лагерьдің алғашқы күні бастау алды. Ашылу салтанатында балалар көтеріңкі көңіл-күймен бас қосып, қызықты ойындар мен көңілді шараларға қатысты. Алда оларды жаңа достар, қызықты кездесулер, шығармашылық жұмыстар мен ұмытылмас естеліктер күтіп тұр. Әр күндері қуанышқа, күлкіге және жарқын сәттерге толы болсын!
🌈 Балаларға көтеріңкі көңіл-күй,🌟 Жаңа жетістіктер,
🤝 Берік достық,
☀️ Тамаша демалыс тілейміз!
Жазғы лагерь июньы құтты болсын! 🏕️


