Школьникам » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
«Нархоз»  университетінің кәсіби бағдар беруші
03
февраль
2026
«Нархоз» университетінің кәсіби бағдар беруші
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Нархоз»  университетінің кәсіби бағдар беруші маманы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында университетте білім алу мүмкіндіктері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, мамандық түрлері және қос диплом алу мүмкіндігі туралы кеңінен ақпарат ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел
«Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты
27
январь
2026
«Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты
11-сынып оқушыларымен «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ барысында оқушылар болашақ мамандықтары туралы ой бөлісіп, қызығушылықтары мен мақсаттарын ортаға салды.Тәрбие сағаты оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, өз таңдауларына жауапкершілікпен қарауға және болашаққа сеніммен қадам басуына бағытталды.Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел
«Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжіні» мамандары
26
январь
2026
«Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжіні» мамандары
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжіні» мамандары мектебімізге келіп, 9-сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға:      •колледждегі мамандықтар,     •оқуға түсу шарттары,     •болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.   Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіби бағдар беруші:
Ұлдар жиналысы 5-10 сыныптар
12
январь
2026
Ұлдар жиналысы 5-10 сыныптар
Ұлдар жиналысы 5-10 сыныптар 1. Құқықұзушылықтың алдын-алу (Буллинг, зорлық- зомбылық)  Мектеп инспекторы 2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі. (Аутодеструктивті мінез құлық) Ешенова А.Б. 3. «Болашағым өз қолымда» (Аутодеструктивті мінез құлық) педагог-психолог Баяндинова У.Д. 4. «Мектеп формасы» Мектеп тәлімгері Алиева Б. 5. Тамақтану ережесін түсіндіру (асхана тәртібі) әлеуметтік педагог Жұмаханова Б.А. 
Мектеп формасын сақтайық
08
январь
2026
Мектеп формасын сақтайық
Мектепте білім алушылар арасында тәртіп пен біркелкілікті қалыптастыру, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Мектеп формасын сақтайық» тақырыбында түсіндіру жұмыстары қайта жүргізілді.Іс-шара барысында оқушыларға мектеп формасын киюдің маңызы, оның мектеп мәдениеті мен тәртібіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Мектеп формасы оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулитыны, сондай-ақ оқушылар арасындағы әлеуметтік теңдікті сақтауға ықпал ететіні атап өтілді.
“МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР”
01
январь
2026
“МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР”
2025-2026 оқу жылында 1-11-сынып оқушылары үшін мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 декабрьдағы №534 бұйрығы негізінде, 2016 жылғы 14 январьдағы №26 бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес сақталады.Мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сай болуы қажет.  
2026 жылғы ЕНТ: Январь айында өтетін тестке тіркеу басталады
20
декабрь
2025
2026 жылғы ЕНТ: Январь айында өтетін тестке тіркеу басталады
22 декабрьда январь айында өтетін ЕНТ-ға тіркеу басталады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Январь айында өтетін ЕНТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 декабрьда басталып, 30 декабрьға дейін жалғасады. ЕНТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 январь мен 10 февраль аралығында өтеді.
"Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы
25
ноябрь
2025
"Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы
Еуразиялық кеңістік қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған "Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы өткізілді. Жәрмеңке барысында түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері келіп, оқу бағыттары, мамандықтар және қабылдау шарттары жайында ақпарат берді. Бұл шара оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.   Кәсіби бағдар беруші:Толыбай А.Е.
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ALMA университеті
10
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ALMA университеті
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ALMA (Almaty Management University) университетінің білікті мамандары келіп, оқушыларға жоғары оқу орны, мамандықтар мен болашақ кәсіп таңдауға байланысты *түсіндірме жұмыстары мен кәсіби бағыт-бағдар беру кездесуі өткізілді. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Ә.Е