Материалы за 21.11.2025 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
21
ноябрь
2025
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
20.11 күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде “100 кітап” ұлттық сауалнамасы аясында Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын өтті. Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 8 “А” сынып оқушылары қатысты. “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша білім алушылар ойларын ортаға салып, ұйымдастырушылар тарапынан дайындаған тапсырмаларға жауап берді. Іс-шараның өтуіне белсенді қатысқандары үшін сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларды дайындаған:
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21
ноябрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“Педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсының қалалық кезеңінде “Шеберлік палитрасы” бағыты бойынша география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Әйгерім Амангелдіқызы жүлделі ІІІ орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  
Кәсіби бағдар беру кездесуі
21
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру кездесуі
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Электротехникалық колледжінің білікті маманы 9-сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағыт-бағдар беру шарасын өткізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқуға түсу мүмкіндіктері, болашақ мамандықты дұрыс таңдау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ сұрақ-жауап арқылы кері байланыс орнатылып, оқушылардың қызығушылықтары мен болашақ жоспарлары талқыланды. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Ә.Е.