Жасөспірім банктік картаны қалай пайдалануы керек?
Жасөспірім банктік картаны қалай дұрыс пайдалануы керек? Fingramota.kz ұсынған Qarjy Quest жобасының жаңа шығарылымы қауіпсіз және саналы қолма-қолсыз төлемдерге арналған. Бұл эпизодта Дамир алғаш рет банк картасын алады. Ал досы Алинур оған картаны дұрыс және жауапкершілікпен пайдаланудың негізгі қағидаларын түсіндіреді: QR арқылы төлем жасау, лимиттер мен қауіпсіздік баптауларын реттеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу және карта жоғалған жағдайда тез әрекет ету маңыздылығы жайлы