Қаржылық сауаттылық сабақтары
7 «Ә» сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ақшаны дұрыс жоспарлау, табыс пен шығынды тиімді басқару, жинақтаудың маңызы және қаржылық мақсат қою жолдары туралы маңызды ақпарат алды. Сабақтар оқушылардың қаржылық мәдениетін арттыруға, күнделікті өмірде саналы әрі жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Қаржылық сауаттылықты ерте жастан меңгеру – болашақтағы тұрақты әрі сенімді өмірдің негізі.