25
August
2025
Тамыз конференциясынан әсерлі сәттер
Семей қаласында өткен дәстүрлі Тамыз конференциясында білім саласының маңызды мәселелері талқыланып, озық тәжірибелер ортаға салынды. Ә. Бөкейхан атындағы BINOM school мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Астана қаласынан келген Ахметова Сауле Муратбековна «Оқу сауаттылығын арттырудағы әдеби-танымдық ойындардың тиімділігі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың жолдарын көрсетіп, әдеби-танымдық ойындардың оқу процесіндегі маңыздылығын айқындады. Сонымен бірге, конференция жұмысына Төлеубай Аманов атындағы №16 мектептің ұстаздары да қатысып, әріптестерімен тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен оралды. Мұндай шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына, білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік берері сөзсіз.
