IC-ШАРАЛАР » Страница 14 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
5-6 сыныптар арасында баскетболдан мектепішілік жарыс
08
April
2025
5-6 сыныптар арасында баскетболдан мектепішілік жарыс
Дене шынықтыру, БӘД және музыка пәндері апталығының онкүндігі аясында 5-6 сыныптар арасында баскетболдан мектепішілік жарыс өтті. Жарысқа барлығы 8 сынып қатысты. Нәтижелер:     •    🥇 1 орын – 6 “Ә” сыныбы    •    🥈 2 орын – 5 “Б” сыныбы    •    🥉 3 орын – 6 “В” сыныбы Жарыс қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қолдау білдірген сынып жетекшілері мен көрермендерге алғыс айтамыз!
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік
05
April
2025
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік
Бүгін, 5 сәуір күні, Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен ұйымдастырылған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Мектеп ұжымы аумақты тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты — қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу жасап, өңір тұрғындарына үлгі көрсету.
“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы
02
April
2025
“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы
2-сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай мектеп кітапханасында 8 сыныптар арасында “Болашаққа кітаппен”атты кітапханалық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы,кітапқа деген қызығушылығын арттыру,білімге деген құштарлығын ояту,кітапты сүюге,таза ұстауға тәрбиелеу
Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығуы
02
April
2025
Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығуы
 2025 жылдың 2 сәуір күні Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өрт қауіпсіздігіне байланысты эвакуациялық жаттығу өткізілді. Іс-шара сағат 12:00-де басталып, 12:30-да аяқталды. Жаттығудың мақсаты – өрт болған жағдайда оқушылар мен қызметкерлердің дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын жетілдіру. Барлығы 301 адам қамтылып, оның ішінде 8 қызметкер, 35 оқытушы және 258 оқушы қатысты. 46 адам белгілі себептермен қатыса алмады. Эвакуация толық 6 минут 27
"Жеткіншек жастағы мінез ерекшеліктер . Дөңгелек үстел" семинар практикум
01
April
2025
"Жеткіншек жастағы мінез ерекшеліктер . Дөңгелек үстел" семинар
Педагог-психологтарға арналған қалалық семинар-практикум. Department of Educationнің жоспарына сәйкес №16,17,18,20 мектеп педагог-психологтары қалалық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес  2025 жылғы 28 наурыз күні орта білім беру ұйымдарының  педагог-психологтарына арналған "Жеткіншек жастағы мінез ерекшеліктері. Ата-аналарды психологиялық қолдау. Дөңгелек үстел" семинар практикум өтті.
Әдістемелік кеңес
31
March
2025
Әдістемелік кеңес
2025 жылғы 31 наурызда 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте әдістемелік кеңес отырысы өтті. Бұл жиын білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Кеңес барысында пәндік онкүндіктердің қорытындылары талданып, STEM-тәжірибелік алаңы аясында білім беру әдістерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Мұражайға танымдық саяхат
29
March
2025
Мұражайға танымдық саяхат
Көктемгі каникул кезінде 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 6”А” 6"Ә", 6"Б" сыныптары Абайдың "Жидебай - Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби қорық мұражайына танымдық саяхатқа барды. Сынып жетекшілері: Токтарова А.Т., Байгульжина Ж.М.,Адильбекова Ж.Е
Кітап – ең жақсы дос
28
March
2025
Кітап – ең жақсы дос
Кітап оқу – білімге апарар алтын көпір. 4 «Ә» сынып оқушылары Серікқали Айдар, Дүйсенбек Жібек  демалысты бос уақыт ретінде емес, өздерін дамыту мүмкіндігі ретінде қарастыруда. Балалар түрлі қызықты кітаптарды оқып, шығармалардың мазмұнын талдап, өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісуде. Бұл олардың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамытады. 
Көктемгі каникул кезінде 9 сыныптар қорытынды аттестаттауға қосымша сабақ
27
March
2025
Көктемгі каникул кезінде 9 сыныптар қорытынды аттестаттауға қосымша
Көктемгі демалыс – оқушылар үшін тынығып, күш жинайтын уақыт. Алайда, 9-сынып оқушылары үшін бұл кезең қорытынды аттестаттауға дайындалуға таптырмас мүмкіндік. Осыған орай, мектептерде қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылардың білімін пысықтауға жағдай жасалады. Қосымша сабақтардың басты мақсаты – негізгі пәндер бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика және Қазақстан тарихы) оқушылардың білімін бекіту, күрделі тақырыптарды қайталау және тест тапсырмаларын шешу дағдыларын дамыту.