02
август
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2025 жылы атақты Медеу мұз айдынында ерекше рекордтық мәдени–әлеуметтік іс-шара — «Аламан құрақ 2025» проект өткізілді. Жобаның мақсаты — қазақтың дәстүрлі құрақ құрау өнерін дәріптеу және әлемдік рекорд орнату. Жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген шеберлер тіккен 660 бірдей құрақ көрпе бір уақытта бір алаңға төселіп, көркем инсталляцияға айналды. Іс-шараға 660 шебер қатысты. Жоба ұлттық өнерді сақтау және жаңғыртуға, сондай-ақ қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын ұжымдық шығармашылық еңбек арқылы паш етуге бағытталған. «Аламан құрақ 2025» тек Қазақстан мәдени өмірінде ғана емес, әлемдік деңгейде маңызды оқиға болды. Жоба нәтижесі Global World Book of Records рекордтар кітабына тіркеледі деп жоспарлануда. √16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Серікқалиқызы Арайгүл “Alaman Quraq” проект на қатысқаны және қазақтың құрақ өнерін насихаттап, әлемдік рекорд орнатуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
