22
декабрь
2025
Қаржылық сауаттылық тақырыбында танымдық іс-шара
Мектебімізде 5–8 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар бейне сабақтармен танысты. Сабақ барысында: ақшаны дұрыс жоспарлау; табыс пен шығынды басқару; қаржылық мақсат қоюдың маңызы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде қаржыны тиімді пайдаланудың жолдары, жинақтаудың маңызы және саналы тұтыну дағдылары жөнінде түсініктері кеңейді.Бұл сабақ оқушылардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеуге бағытталды. Білімді бүгіннен бастап қалыптастыру – ертеңгі сенімді қадам!



