"Өзіңді сыйла-өзгеден сый көресің” тақырыбында қыздар отырысы
Өзіңді сыйла-өзгеден сый көресің” тақырыбында қыздар отырысы өтті. Мақсаты: Қыз балаларға өзін-өзі құрметтеу, жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау, ішкі мәдениет пен әдептілік нормаларын қалыптастыру арқылы қоғамда өзін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу. Қыздардың бойында сенімділік, жауапкершілік, инабаттылық және өз қадірін білу қасиеттерін дамыту. 📌 Іс-шара туралы ақпарат: Бұл қыздар отырысы – қыз балалардың жан дүниесін байытып, олардың тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбиелік мәні зор кездесу.