«Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту»
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б», 8 «В» сынып ата-аналарының қатысуымен «Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында бірлескен кездесу өткізілді. Ата-аналар мен балалар арасында кездесетін қиындықтарды жеңе алатын дағдыларды қалыптастыра отырып, баланы белсенді тыңдауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға елуге жуық ата-ана қатысты.