ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
03
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Алматы қаласында өткен Оразғали Сейітқазы атындағы II-ші Республикалық “Киелі қобыз” жас қобызшылар байқауында 8 “Ә” сынып оқушысы Исаев Ералы топ жарып 1 орын иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
15
март
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақстан композиторлар одағы және Семей қаласы білім бөлімінің “Балалар өнер мектебі” КМҚК ұйымдастыруымен “Теміржан Базарбаев атындағы Ѵ Халықаралық фестиваль-байқауы” осы күндері өткізілді. Мектебіздің 8 “Ә”сынып оқушысы Исаев Ералы жүлделі 2 орынға ие болды. Ұстазы мен концертмейстеріне алғыс хат берілді және де Ералыға бағалы сыйлық табысталды. Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
06
март
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Исаев Ералы Қазақстан Республикасының XVI Ұлттық жастар Дельфий ойындарының аймақтық іріктеу кезеңіне қатысып, жоғары шеберлік танытты. Ол өзінің дарындылығы мен еңбекқорлығының арқасында күміс медаль иегері атанып, Абай облысының намысын абыроймен қорғады. Осы жетістігінің нәтижесінде Исаев Ералы Ұлттық құрама сапына қосылып, алдағы уақытта республикалық деңгейде өнер көрсетпек. Бұл жеңіс оның таланты мен табандылығының жемісі екені сөзсіз. Ералының алдағы сайыстарда да биік белестерді
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
27
февраль
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Саз ғұмыр» атты қалалық жас музыканттар байқауында 8 “Ә” сынып оқушысы Исаев Ералы өз дарыны мен өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Ол тыңдармандарды тәнті етіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алып, ІІІ орын және ақшалай сыйлық иеленді. Бұл жетістік — Ералының табанды еңбегі мен музыкаға деген сүйіспеншілігінің жемісі. Жарайсың, Ералы! Біз сенімен мақтанамыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жететініңе сенеміз! Мақсатыңа
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21
февраль
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қалалық “Үздік сынып жетекші-2025” байқауында 7”В” “Жас сарбаз” әскери-патриоттық сыныбының жетекшісі Темірғалиева Данагүл Оралбайқызы жоғары кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің арқасында жүлделі 2-орынды иеленді. 🌟 Бұл жетістік — сіздің оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі еңбегіңіздің лайықты бағасы.  Сізді шын жүректен құттықтаймыз! 💐💐💐 Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктерді бағындыруыңызға тілектеспіз. Еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
19
февраль
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Орыс тілі пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының қалалық кезеңінде І орын иеленген Ардақ Чариповнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Сіздің бұл жеңісіңіз — кәсіби шеберлігіңіздің, табанды еңбегіңіз бен білімге деген адалдығыңыздың лайықты жемісі. Оқушыларға сапалы білім берудегі және олардың болашағына жол сілтеудегі үлесіңіз зор.  Сізге шығармашылық шабыт, мызғымас жігер және жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз! Әрдайым биіктерден көріне беріңіз!   
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсы
18
февраль
2025
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсы
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсында 16 мектептің ішінде біздің мектебіміздің директоры Айгүл Уасиловна жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл – көшбасшымыздың табысты еңбегінің, жоғары біліктілігінің, жауапкершілігінің және командалық жұмысының жемісі. Осындай үлкен жетістікке жеткені үшін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз! 
Исаев Ералы облыс әкімінің дарынды оқушыларымен кездесуі
25
декабрь
2024
Исаев Ералы облыс әкімінің дарынды оқушыларымен кездесуі
24.12.24 8 “Ә” сынып оқушысы Исаев Ералы облыс әкімінің дарынды оқушыларымен кездесуіне қатысты. Барлық кездесуге қатысқан оқушыларға әкім жылы лебізін білдірді. Еркін форматта өткен шарада балалар өздерінің жетістіктері туралы айтып, идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.